Лондон. 26 шілде. 7kun.kz - 2040 жылдан бастап Ұлыбританияда бензин, дизельмен жүретін автокөліктерді сатуға тиым салады. Бұл туралы Тhe Times пен Би-би-си жазғаннан кейін, елдің қоршаған ортаны қорғау министр Майкл Гоук ресми түрде мәлімдеді.
Бұлармен қатар электр және бензинмен жүретін гибридтік моторлы көліктерге де тиым салынады. Гоуктың айтуынша елдің қатты ластанған аймақтарында 2040 жылға дейін-ақ тиым салынуы мүмкін.Бұл аймақтарға Бирмингем, Манчестер, Ливерпуль, Ньюкасл, Бристол мен Саутгемптон кіреді. Бұлардың орнын электрокөліктер басады деп жоспарланған. Алайда қазір электрокөліктер елдегі сатылатын көліктің 1% ғана.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024