Ұлытау облысында киіктерді атып, мүйіздерін Қытайға сатып отырған қылмыстық топ ұсталды
Ұлытау облысы. 22 тамыз. 7kun.kz – Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданына қарасты Қызылжар елді мекенінде соңғы бірнеше жыл ішінде екі өңір аумағында киік атумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қылмыстық топ мүшелері мерзімді түрде киіктерді атып, мүйіздерін Қытай Халық Республикасына жөнелту мақсатында оңтүстік өңірге сатып отырған. Тергеу барысында мүйіздің бір келісін 80 мыңнан 100 мыңға сатқаны анықталды.
Қазір қылмыстық топтың үш мүшесі ұсталып, қалған үшеуіне іздеу жарияланды.
Барлығы 150 келі, яғни 732 дана киік мүйізі тәркіленді. Сондай-ақ күдіктілерден таразы, пышақ, тіркелмеген қару және автомототехника алынған. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-1-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024