Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы 20 $-ға дейін төмендейтін жағдай үшін арнайы жоспар құрылды

Мұнай бағасы 20 $-ға дейін төмендейтін жағдай үшін арнайы жоспар құрылды

Қазақстан мұнай бағасы барреліне 20 долларға дейін түсетін жағдай үшін арнайы жоспарын әзірлеп қойды. Бұл туралы Қазақстан халқына арнаған жолдауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. 

Жолдау кезінде Президент Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдары баррельдің құны 10 долларға түскен кездегі қиындықтарды жеңгенін айтты. "Менің тапсырмам бойынша, егер мұнай бағасы барреліне 30, 20 долларға төмендейтін жағдайға арнайы әрекет ету нұсқалары дайындалды. Әрине, бұл оңайға түспейді. Бірақ,біз, барлығымыз бірігетін болсақ, бұл қиындықтан шығып кететімізге сеніуіміз керек",- деді Н.Назарбаев.  Бұған дейін Мемлекет басшысы қазір үкімет пен аймақтық әкімдер экономикалық өсімді ұлғайту, халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, елдің кірісін үлкейтуді мақсат ету керектігін айтқан болатын. "Үкіметтің дағдарысты еңсеретін механизмдері мен тәсілдері бар екенін білемін. Мен үкіметтің осы жылға арналған республикалық бюджет туралы ұсынысын және Парламент қарайтын үш жылға арналған бюджет жобасын қолдадым", - деді Мемлекет басшысы. Фото: www.bbc.com 

Похожие материалы