Мұнай бағасы алдағы он жылда барреліне 50 доллар деңгейінде тұра бермейді. Бұл туралы Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) атқарушы директоры Фатих Бироль мәлімдеді.
Оның сөзінше, 2020 жылы мұнай баррелі 80 долларға дейін қымбаттайды.
Bloomberg агенттігінің жазуынша, ХЭА басшысы АҚШ пен Ирактағы өндірістің жоғарғы қарқынды болуы нарықтағы қалдықтың көп болуына алып келетінін айтады. Бірақ 2015 жылы Ирактағы өндірілген жанармай көлемі төмен болады.
Сондай-ақ, Ф.Бироль сұйытылған табиғи газ өндірісі бойынша қолға алынатын жаңа жобалар көгілдір отынның әлемдік бағасына қысым көрсетуі мүмкін екенін атап өтті.
Фото: kapital.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024