Астана. 12 желтоқсан. 7kun.kz - ОПЕК-ке кірмейтін елдер мұнай өндірісін азайту туралы келісімге келген соң, мұнай бағасы бірден 5 пайызға көтерілді.
Түнде Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 57,45 долларға дейін көтерілді. Мұндай баға соңғы рет 2015 жылдың шілдесінде болған. Таңға қарай баға біршама түсіп, Астана уақытымен 8.53-те 56,63 долларға жуықтады.
Айта кетейік, 10 желтоқсан күні ОПЕК және оның құрамына кірмейтін мұнай өндіруші елдер алдағы жылдары өндірісті қысқату туралы келісімге келді, деп хабарлады Би-би-си. Өндірісті қысқарту туралы келісімге келгендердің қатарында Әзербайжан, Бахрейн, Бруней, Экваторлық Гвинея, Қазақстан, Малайзия, Мексика, Оман, Ресей, Судан Республикасы және Оңтүстік Судан Республикасы бар.
Әлемдік агенттіктердің мәліметінше, 11 ел бойынша мұнайдың өндірісі тәулігіне 558 мың баррельге дейін қысқаратын болады. Ал ОПЕК елдері тәулігіне 33,6 млн баррель мұнай өндіреді. Келісімге сәйкес, олардың өндірісі 4,5%-ға, ал әлем бойынша 1%-ға қысқарады.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024