Қыркүйек айының қорытындысы бойынша қазақстандық банктердегі депозит портфелінің жалпы көлемі 14 трлн теңгеге жақындаған. Көрсеткіш тамыз айымен салыстырғанда 1 трлн 200 млрд теңгеге артқан, деп хабарлайды 24 kz.
Депозиттің ең жоғарғы өсімі Халық банкіне тиесілі. Оның портфелі 246 миллиард теңгеге өсіп, жалпы көлемі 2 трлн 200 млрд-ты құрады. Одан кейінгі орынға қаржысын 190 млрд теңгеге көбейткен Қазкоммерцбанк орналасты. Ал үшінші орында Сбербанк тұр. Оның портфелі 158,9 миллиард теңгеге ұлғайып, 1 триллион 200 миллиард теңгені құрады. Ал Цеснабанк көрсеткіші 20 миллиардқа азайған. Одан кейінгі жоғарғы көрсеткіш - АТФ Банктің еншісінде. Айта кетейік, аталған банктер депозит портфелі өсімі бойынша Қазақстан нарығының 59%-ын иемденеді.Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024