Экономика
Экономика1
Мұнай бағасы енді $100-ға дейін ешқашан көтерілмейді
Сауд ханзадасы, миллиардер, инвестор Әл-Уәлид ибн Талал мұнай бағасы енді еш уақытта бір баррель үшін $100-ға дейін көтерілмейді деп санайды.
Оның ойынша, Сауд Арабиясының мұнай өндіруді азайту туралы шешімі «дұрыс және ойға қонымды» екен.
Ханзада сұраныстың төмен, ал мұнайдың нарықта тым көп екенін жеткізді.
«Егер мұнай жеткізу көлемі осы қалпында қалса, ал сұраныс өспесе, баға тағы да төмендей түседі. Мен алдағы уақытта бір баррель үшін берілетін құн $100-ға жетпейді деген сенімдемін. Бір жыл бұрын-ақ $100-дан жоғары баға қолдан жасалған деп айтқанмын», - деп атап өтті ол USA Today-ге берген сұхбатында.
Өткен жыл бойынша мұнай бағасының құлдырауы 50%-ды құрады.
Ақпарат көзі: Bloomberg