
Алматы. 9 тамыз. 7kun.kz - Азия саудасы кезінде мұнай үшінші күн қатарынан арзандап жатыр. Бұл туралы Интерфакс хабарлады.
Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың қазандағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің сәрсенбі күнгі Мәскеу уақытымен 8:00-дегі бағасы 21 центке (0,40%) арзандап, барреліне 51,93 доллар болды.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері (NYMEX) 0,14 долларға (0,28% ) төмендеп, барреліне 49,03 долларды құрады.