Белгілі маркалы мұнай бағалары жұма күні төмендей бастады деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Brent мұнайының маусымдық фьючерсінің бағасы ICE Futures лондон биржасында 0,08 долларға (0,12%) төмендеп, барреліне 66,62 доллар болды. Бейсенбі күні оның бағасы 0,57 долларға (0,85%) азайып, барреліне 66,7 долларды құрады деп жазады vestifinance.ru. WTI маркасының маусымдық фьючерсінің бағасы жұма күні Нью-Йорк сауда биржасының электронды сатылымында (NYMEX) 0,15 долларға түсіп (0,25%), барреліне 59,73 доллар болды. Өткен сауда сессиясымен салыстырғанда, олардың бағасы 0,62 долларға (1,02%) азайып, баррель үшін 59,88 доллар құрады. Баға "айтарлықтай төмен" қалыпта әлі екі жыл тұрады. Себебі, соңғы уақыттардағы жанармай бағасының қымбаттауы америкалық компанияларға өндірісті арттыруға септігін тигізетін болады дейді хедж-қорлар басқарушысы Пьер Андуранд. Сонымен қатар, Сауд Арабиясы, БАӘ мен Кувейтті қосқанда, ОПЕК елдері өндірісті үлкейтуде.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024