Ирактың мұнай министрі Адель Абдель Мехди 2015 жылдың соңына қарай мұнай бағасы 70 долларға дейін көтеріледі деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Reuters-ке берген сұхбатында хабарлады.
"Қаңтар айында баға ең түбіне дейін жетті, енді құлдырауы мүмкін емес. Енді олар баяу өсе береді. Осы бағытпен жылдың соңына дейін 70 доллар болуы мүмкін", - деді ол.
Бейсенбі күні ICE Futures биржасында Brent маркалы бензин бағасы 5,8%-ға өсіп, барреліне 59,78 доллар деп бағаланды. Бұған Сауд Арабиясы мен араб елдері коалициясындағы одақтастарының (Бахрейн, Катар, Кувейт, Египет, Иордания, Судан, Марокко, Пәкістан және БАӘ) Йемендегі содырлар орналасқан жерге әуе соққыларын жасауы себеп болған.
Соғыс операциясына байланысты әлемдік мұнай жеткізілуі бұзылуы мүмкін деген қауіп туды. Ал Мехдидің мәлімдеуінше, саяси мәселелер мұнай бағасына айтарлықтай әсер етпейді.
В
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024