2015 жылы геологиялық бақылау-іздеу жұмыстарын өткізу үшін Ұлттық қордан 3,26 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы мұнай мен газды геологиялық барлау бойынша бірінші халықаралық Kazakhstan geology Forum: Oi l& Gas форумында инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.
Жекелей алғанда, қаржы екі негізгі параметрлік ұңғыманы бұрғылау және екі геотраверсті геофизикалық зерттеуге бағытталады.
"Мемлекет есебінен дәл қазір инвесторлар үшін қиындық туғызып отырған аумақтарда зерттеулер жүргізіледі. Қазір жаңа жолдары қарастырылып жатыр. Соңғы 2-3 жылда геологиялық барлауды дамту жөнінде үлкен шаралар қарастырылуда. Арнайы бағдарлама дайындалды. Осы жылы геология комитеті арқылы барлық мұнай-газ аумақтары жөнінде толық мәлімет беретін арнайы картаны іске қосамыз. Осы карта арқылы 2015 жылдың соңына қарай кез-келген ақпаратқа қол жеткізуге болады", - деп атап өтті инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024