2016 жылдың 3 тоқсанында әлемдік мұнай баррелінің бағасы қайтадан 39 долларға дейін арзандауы мүмкін. Ал қазіргі уақыттағы қара алтын құнының қымбаттауы мезгілдік факторларға байланысты. Мұндай болжамды америкалық Bank of America Merrill Lynch (BofAML) банкінің сарапшылары жасап отыр, деп жазды The Wall Street Journal басылымы.
Сарапшылардың атап өтуінше, мұнай бағасы жаз мезгілінде қымбаттайды. Себебі бұл уақытта автоәуесқойлардың белсенділігі артып, мұнай өндіруші компаниялар бензин және басқа да жағармай өнімдерін өндіру үшін шикізатты сатып ала бастайды. АҚШ-тың энергетика министрлігінің мәліметінше, мемлекетте бензинге деген сұраныс төрт аптада күніне 9,6 млн баррелге дейін артқан.
«Сұраныстың мезгілдік динамкасы қуаттылығын сақтап қалады», - дейді BofAML сарапшылары. Алайда осы жылдың 3 тоқсанында мезгілдік сұраныстар азайып, мұнай қоры қайтадан көбейе түседі. Ал бұл бағаның 40 доллардан төмендеуіне әсер етеді.
Сарапшылардың ақпаратына сәйкес, осыдан соң мұнай бағасы біртіндеп өсе бастайды. 2016 жылдың 4 тоқсанында WTI маркалы мұнай бағасы қымбаттап, жыл соңында 54 долларға жетеді деп болжанып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024