Алматы. 7 шілде. 7kun.kz - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы жұма күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнай бағасы әртүрлі бағытта өзгерді, деп хабарлайды inform.kz.
Сауда-саттық нәтижесінде, қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 0,28 долларға төмендеп, барреліне 77,11 долларды құрады. WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,86 долларға өсіп, баррелі 73,8 доллар болды.