Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауда-саттықта мұнайдың бағасы айтарлықтай көтерілді.
Лондонның ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,58 долларға арзандап, бір баррель қара алтын бағасы 66,44 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпан айында жеткізілетін фьючерстерінің бағасы 0,33 долларға төмендеп, бір баррелі 59,64 доллар болды.