Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Мұрат Құдышев «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды. Мұндай шешім 2015 жылдың 23 қазанында ҚДБ директорлар кеңесінде қабылданды деп хабарлайды ҚДБ баспасөз қызметі.
Сейсенбі, 3 қараша күні Банк Басқармасының отырысында М. Кұдышевты ҚДБ-ның өзекті менеджері ретінде таныстыру рәсімі өтті. Мұрат Құдышев Банктегі қаржылық және операциялық қызмет, экономикалық жоспарлау және бюджеттеу мәселелері, қазынашылық, халықаралық және ішкі қарыз алу туралы мәселелерге жетекшілік етеді. М. Кудышев Алматы педагогикалық шет тілдер институтын (1985 жыл), сонымен қатар Алматы халық шаруашылық институтын(1989 жыл) бітірген. Әр жылдары ҚР Ұлттық банкінің бас эономисті, шетелдік операциялар депаратментінің директоры, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары, ҚДБ вице-президенті, «Қазақстандық контракт агенттігі» АҚ президенті, «Самұрық» Холдингі» АҚ басқарушы директоры, «МЖЗҚ» АҚ және «Тұрғын үй құрылыс жинақтаушы банкі» АҚ тәуелсіз директоры лауазымдарында қызмет атқарды. 2008 жылдың тамыз айынан 2015 жылдың қазанына дейін Алматы қаласы Әкімінің орынбасары болды. Фото: nur.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024