Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұрат Оспанов мемлекетке 800 млн теңге қайтарды

Мұрат Оспанов мемлекетке 800 млн теңге қайтарды

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) экс-басшысы Мұрат Оспанов сот тағайындаған миллиардтаған айыппұлдың 800 млн теңгесін қайтарды. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

"Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының шешіміне сәйкес, 2015 жылдың 13 ақпаны мен 28 қыркүйек аралығындағы жағдай бойынша сотталушы Мұрат Оспановқа тағылған айыппұлдың 847 609 252 теңгесі мемлекет пайдасына қайтарылды", - делінген хабарламада. Ресми мәліметке сәйкес, айыппұлдың  253 450 748 теңгесі әлі өтелмеген. Бұдан бұрын Астана қаласы №2 Есіл аудандық сотының шешімімен наурыз айында Мұрат Оспановқа айыппұлды 6 айға бөліп төлеу міндеттелген.  "Аталған қаулы 2015 жылдың 13 сәуірінде заңдық күшіне енді. Бөліп төлеу үкімі айыппұл жазасы ретінде 2015 жылдың 13 қазанында күшін жояды", - делінген Астана сотының баспасөз хабарламасында. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 13 ақпанында Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотының шешімімен жоғарғы лауазымды шенеуніктің пара алуы туралы іске нүкте қойылған болатын. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспанов пара алғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлімнің 24 тармағы және 4-бөлімнің 366 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге айыппұл төлеу туралы үкім шыққан.

Похожие материалы