Парламент Мәжілісінің депутаттары теңге курсына байланысты өздерінің жалақыларын көтеру туралы талап қоймайды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы тілшілерінің сұрағына жауап берген депутаттар мәлімдеді.
Депутаттар баға өсіп жатқанмен, өздерінің кірістері өзгеріссіз қалғанын мойындады. Дегенмен халық қалаулылары бұған аса мән бермейді. Қазақстан экономикасына байланысты артық қаржы бөлу туралы айта алмаймыз дейді. Ал кейбір депутаттар дағдарыс артта қалғаннан кейін бұл мәселені қайта қозғауға болатынын жеткізді. Глеб Щегельский, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі: - Егер білсеңіздер біз 4 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. "Б" корпусындағы мемлекеттік қызметерлердің жалақысы көтерілгенмен, депутаттардікі көтерілген жоқ. Менің ойымша, жалақы қалыпты.... - Яғни сіз жалақыны индекстеуді талап етпейсіз? - Өз басым талап етпеймін! - Құпия болмаса, қанша жалақы аласыз? - 497 мың қолыма тиеді. Серікжан Қанаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:- Индекстеу жоспары бойынша, ең алдымен елдегі экономика жағдайының қандай екенін мойындау керек. Біздің қаржыландыру туралы талабымызды бюджет қабылдай алмайды. Ал эконмикалық жағдай реттелгеннен кейін бұл сұраққа қайта оралуға болады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024