Мәжіліс мемлекеттің кәсіпкерлікке араласуын шектейтін заң жобасын мақұлдады
Қазақстан парламентінің мәжілісі сәрсенбі күнгі толық отырыс барысында "Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке араласуын шектеу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбік заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
"Сары беттер" ережелерінің принциптерін ендіру қажетілігіне бүгінгі таңда экономиканың көптеген тауашаларында мемкомпаниялардың тарапынан бәсеклестік қысымды көрсету жөніндегі қазақстандық бизнес үшін жағымсыз жағдай себеп болып отыр. Осыған байланысты қампию мен басқару тиімсіздігі тән квазимемлекеттік секторға күрделі өзгертулер енгізу қажет", - деп мәлімдеді ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәжіліс депутаттарына заң жоңбасын таныстырған кезде.
"Біз АҚШ, Сингапур және Норвегия секілді елдердің тәжірибелерін зерттедік, олар келесі "Yellow Pages Rule" принциптерін ұстанады: мемкомпанияардың үлестес құрылымдарының құрылуын шектеу, мемлекеттің бизнес қатыстырылған экономика салаларына араласпауы, монополияға қарсы органның ролін күшейту", - деп түсіндірді министр.
Е.Досаевтың сөзіне сүйенсек, заң жобасының нормалары жаңа мемкәсіпорындар мен үлестес компанияларды құрғанда қатаң шектеулерді енгізу, мемлекеттің қатысуын шектеу жөніндегі белгіленетін анықтаушы принциптерге сәйкес келмейтін мемкомпанияларды жекешелендіру, мнополияға қарсы органдардың құзіретін күшейту арқылы жүзеге асырылады.
"Айта кеткен жөн, заң жобасымен жүз пайыздық мемлекеттік қатысуы бар кәсіпорындар мен заңды тұлғаларды тарату туралы шешім қабылданған мезеттен кейінгі 2 жыл ішінде олар жекешелендірілмеген жағдайда олардың міндетті таратылуын қарастыратын норма енгізіледі", - деді экономика министрі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024