Астана. 15 маусым. 7kun.kz – Мақсат Үсенов әуежайдың қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін «Эйр Астананың» тәртіпсіз жолаушыларды бақылау тізіміне енді. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Үсенов тәртіп ережелерін бұзғаны үшін, әуе кемесінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдай туғызып, экипаж бен жолаушылардың мазасын алғаны үшін «сұр тізімге» енгізілді. Мұндай шешім Алматыда ұлттық әуе тасымалы президенті Питер Фостердің төрағалығымен өткен Air Astana әуе компаниясының ұшу қауіпсіздігі комитетінің отырысында қабылданды. Жиналыста Мақсат Үсеновқа қатысты 2017 жылдың 4 маусымда болған жағдай талқыланды.
Елге қайтар кезде оған «сұр тізімге» енгізілгендігі туралы және аталған жағдай қайталанатын болса, компания оны тасымалдау қызметінен бас тартатындығы туралы ескерту жасады. Әуежайда және ұшақ бортында экипаж мүшелері жолаушының қызметінен хабардар болып, тәртіп ережелерін сақтауын бақылады.
Еске салсақ, 2017 жылдың 4 маусымында сағат 00:46-да Алматыдан Бангкокқа ұшқан. Жергілікті полицейлердің айтуынша, ол ұшу кезінде ол тәртіп ережелерін бұзып, экипаждың қауіпсіздік талаптарын орындаудан бас тартқан, өз әрекетімен арқылы ұшақ қызметкерлері мен жолаушыларына ыңғайсыздық туғызған.
Айта кетейік, ерекше бақылау немесе «сұр» тізімге аталған қауіпсіздік ережелерін бұзған және 2-ші деңгейдегі бұзақылық көрсеткен жолаушылар енгізіледі. Ол құқық бұзушылықтың қайталанбауы мақсатында Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ICAO) талаптарына сай жүзеге асады. Қазіргі уақытта бұл тізімде 24 адам тұр.
Ұшу қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндірген жағдайда командир ұшақты жоспардан тыс қондырып, жолаушыны рейстен түсіріп кетуге құқылы. Осыған байланысты туындаған барлық шығынды кінәлі жолаушы өтейді. Шығын өтелмеген жағдайда мәселе сот арқылы шешіледі.
2016 жылы 347 құқық бұзушылық, ал 2017 жылдың басынан бері 154 жағдай тіркелді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024