Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz - Маңғыстау облысының басшысы өзгеріп, Алик Айдарбаевтың орнына Тоғжанов Ералы тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.
"Премьер-инистр Б. Сағынтаев мәслихат депутаттарына бағытталған, облыс әкімінің лауазымына Тоғжанов Ералы Лұқпанұлының кандидатурасын ұсыну туралы мемлекет басшысының хатын оқып берді. Депутаттар Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады", - деп жазылған үкімет хабарламасында.
Осыған дейін жаңа әкім Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Саясаттану ғылымдарының докторы.
Жоғары білімді: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (1983-1988 жж.), Құқықтану. ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институты (1991-1994жж.), заңгер. Кеңес одағының әскер қатарында қызмет етті.
2006-2008 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2008 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Өкімімен Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды. Мемлекеттік марапаттары және құрметті атақтары бар. 2 деңгейлі «Достық» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024