Экономика
Выбор редактора
Регионы
Маңғыстау облысында кәсіпкерлікті дамыту үшін «Даму» қоры 1,8 млрд теңге бөледі
Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz - Маңғыстау облысының кәсіпкерлігін дамыту үшін «Даму» қоры 1,8 млрд теңге бөледі. Жергілікті атқарушы билік бұған қоса 900 млн теңге бөледі деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Осылайша Маңғыстау облысындағы «Нұр Капитал» бағдарламасын жүзеге асыруға арналған жалпы сома 2,7 млрд теңгені құрайды.
«ForteBank» АҚ аталған бағдарлама бойынша алғашқы 322 млн теңге қаржыны бірінші болып алды.
Қаржыландырудың талаптары келесідей:
«Нұр Капитал» осы өңірге қаржыны теңдей бөліп беру мақсатында, Маңғыстау облысында (Ақтау қаласынан басқа) тіркеліп, жұмысын жүргізіп жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға арналған аймақтық бағдарлама аясында дайындалған. Бір борышкер 30 млн теңгені 7 жылға дейін ала алады. Кәсіпкерлер үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі 8,5 пайыздан аспайды.
«Нұр Капитал» бағдарламасы бойынша қаражат алған кәсіпкерлер «Даму» қорының көмегімен несиені субсидиялай алады. Нәтижесінде пайыздық мөлшерлемені 8,5 пайыздан 1 пайызға дейін төмендете алады.
«Мұндай қолайлы жағдай – жаңа өнімдер мен жаңа кәсіпорындар қатарын көбейтіп, Маңғыстау облысы бойынша кәсіпкерліктің биік белеске көтерілуіне септігін тигізеді», - деді «Даму» Қорының Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиал бастығы Гүлжан Қалымбетова. Кепілдік жеткіліксіз болған жағдайда кәсіпкер несие сомасының 85 пайызына дейін «Даму» қорының кепілдігін пайдалана алады.
«ForteBank» АҚ Басқарушы директоры Ляззат Сатиеваның айтуынша, банктің жолға қойылған бизнес-процестері мен банк филиалы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің арқасында қысқа мерзім ішінде кәсіпкерлер несиеге қол жеткізіп, бірқатар қызықты жобаларды жүзеге асыра алады.