Ақтау. 8 қаңтар. 7kun.kz - Маңғыстау облысында электр энергиясының тарифі көтерілді. Оған себеп газ бағасының өсуі болып отыр. Бұл жөнінде "Қазатомпром МАЭК" баспасөз қызметі хабарлады.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ақтаулықтар енді 1 кВт/сағ үшін 5,69 теңге емес, 6,69 теңге төлейтін болады. Аталған баға "Қазатомпром МАЭК-ның" өткізу құны болып саналады. Яғни, ҚҚС мен тасымалды қосқанда жалпы есеппен бір кВт/сағ үшін 10,67 теңге болады.
Маңғыстау облысының заңды тұлғаларына 1 кВт/сағ құны ҚҚС және тасымалдау есебінсіз 15,32 теңгені құрайды.
"Облыс бойынша түпкілікті бағалар әр түрлі. МАЭК ұсынған өткізу құны басқа да тұрғындар үшін 6,30 теңге (ҚҚС пен тасымал құны есебінсіз). Бірақ, кейбір аумақтарға басқа компаниялар қызмет көрсететіндіктен, тарифтер де түрлі болады. Мәселен, Өмірзақ ауылының тұрғындары үшін өткізу тарифі 13,10 теңгені құрап отыр", - дейді компанияның баспасөз қызметі.
Маңғыстау облысында 500 мыңнан астам тұрғын бар.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024