Ақтау. 15 тамыз. 7kun.kz - Жыл соңына дейін Маңғыстау облысының ерекше табиғи нысандары толық зерделеніп, геопарк құратын жерді анықтау мақсатында және ЮНЕСКО-ның жаһандық геопаркіне үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес өтінім дайындалатын болады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
ЮНЕСКО-ның жаһандық геопаркі мәртебесін алу үшін Маңғыстау облысының аумағындағы табиғи және мәдени мұраларды ұсыну жөнінде жұмыс тобы құрылып, іс-шаралар жоспары жасалған.
Айта кету керек, Маңғыстауда құрылатын геопарк тек республика көлемінде ғана емес, сондай-ақ ТМД көлеміндегі алғашқы геопарк болмақ. ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарк жүйесіне әлемнің 35 елінің 127 геопаркі кіреді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024