Экономика
Экономика1
Регионы
Маңғыстауда мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін
Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев аймақта мұнай өңдеу зауыты салынуы (МӨЗ) мүмкін екендігін мәлімдеді деп хабарлайды ҚазТАГ.
"Облыстың жартысына жуығы МӨЗ-дің бізде болғанын қалайды. Қоғамдық бірлестіктерді, мамандарды тартпақшы. Бұл "бәйгеге" бізде қатысамыз. Маңғыстаудың қандай кемшілігі бар? Әрине, біздің халық саны аз, басқа аймақтардан алыс жерде орналасқан, ал негізгі тұтынушы - оңтүстік пен орталық",-деді А.Айдарбаев есеп беру кезінде.
"Бірақ жаңа МӨЗ экспортқа бағытталуы керек, бұл - біздің артықшылығымыз. Қазақстанда Маңғыстау облысынан артық жер жоқ эспорт үшін. Бұл жерде теңіз бар, біз порт, темір жол салып жатырмыз",-деп атап өтті әкім.
Аймақ басшысының сөзінше, Маңғыстауда МӨЗ-дің салынуына қытай және иран жағы да мүдделі. Осы арада, Айдарбаев МӨЗ-дің құрылысы үшін инвестициялық қаржыны пайдалану салу қажеттігін, қазір ешкім де бюджеттік ақшаға салмайтындығын атап өтті. Сондай-ақ, есеп беру кезінде әкім мұнай өндірудің 2014 жылы 2,5%-ға өскендігін хабарлады.