Экономика
Авто
Мағжан Әуезов Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Директорлар кеңесінің мүшесі болды
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының 2016 жылғы 26 сәуірдегі №214 Жалғыз акционері ҚР Ұлттық банкі шешімімен ҚДКБҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы анықталды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлайды.
Хабарламаға сәйкес, ҚДКБҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамына - тәуелсіз директор ретінде Қазақстан Қаржыгерлері Қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы Әуезов Мағжан Мұратұлы және жалғыз акционер өкілі ретінде ҚР Ұлттық банкі қаржылық тұрақтылық пен тәуекелдер департаментінің директоры Сәбит Хәкімжанов енді.
Қазіргі уақытта ҚДКБҚ Директорлар кеңесі құрамында үш тәуелсіз директор, үш ҚР Ұлттық Банкі өкілі және ҚДКБҚ төрағасы Бақыт Қоғылов бар.