«Магнум» клиенттерді алдауы мүмкін. Бұл туралы интернет қолданушы Светлана Познякова Facebook-тағы парақшасына жазды.
"Достар, ақшаларыңызды жинақтап, ұтылып қалмауға кеңес беремін: Магнумда кассадан кетпей тұрып чектеріңізді тексеріп алыңыздар. Басқа дүкендердеде тексерген жөн. Бірақ Магнумда нақты тексеру керек. Осымен екінші рет байқадым. Чекте сөреде көрсетілген бағадан басқа баға ұрылған. Жағдайдың екеуінде де акт жазылып, ақшамды қайтарып берді. Бірақ мен таңертең уақыт болғанда, кезек болмаған кезде келе аламын. Алғашқыда мен тұрған жерімде чекті қарауға 5 минут жұмсадым. Бүгін ауыр арбамен дүкенді айналып кассаның жанында тағы 15 минут күтуге тура келді. Ал кешке үйге кететін уақытта адам көп, кезекте 20 минут тұрасың, артыңда арбасын сүйреген тағы адамдар келіп жатыр. Мұндай жағдайда чекті қарамай пакетке сала салуға болады. Бірақ үйге барып қарау керек. Бүгін мен менеджерді күтіп тұрған уақытта кассаға бір әйел келді. "Сөредегі қасықтың бағасы 200 теңге деп тұр. Бірақ сіз 400 теңге деп ұрдыңыз. Мен ондай бағада алғым келмейді", - деді ол. Жанында тағы бір сатып алушы тұрды. Чекті тексеріп көрді. Оның сөзінше, Магнумда мұндай жағдайлар болады. "Менен 1500 теңге артық алған кезі болған. Мен оны үйде бірақ көрдім. Келіп істің анық-қанығына жетуіме тура келді", - деді сатып алушы. Ал енді назар аударыңыздар. Бәріңізге сұрақ! Мұны Магнумның "бағамен ойын" саясаты деуге бола ма? Сауда орталығының иелері мен жетекшілері осындай "сатылыммен"түскен қаржының қанша пайызын өздеріне алады?", - делінген тұтынушы Светлана Познякованың жазбасында.Ал оны қолдаған басқа интернет қолданушылардың көпшілігі «Магнумға» бармайтынын, кассада алдау жиі болатынын жазған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024