Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Magnum шағын дүкендер желісін дамытады

Magnum шағын дүкендер желісін дамытады

Алматы.  14 қаңтар. 7kun.kz - "Magnum Cash&Carry" дүкендер желісі "Реалист" дүкендерін сатып алды. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Азамат Османов хабарлады.

"Жақында біз "Magnum" компаниясының даму стратегиясын түзеттік. Бұл бойынша шағын дүкендер желісін дамытуды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты ең алдымен "Реалистті" сатып алу туралы шешім қабылданды, өйткені бұл желі біздің миноритарлық акционерлердің біріне тиесілі.  Қандай да бір сәтке дейін біз әр түрлі форматтарда дами бастадық және бір-бірімізбен бәсекелескен жоқпыз, ал қазір жағдай өзгеруде. Осыған байланысты мәміле туралы шешім қабылданды, — деді Османов. Алдағы айларда Алматыда "Реалисттің" 10 дүкені "Magnum" брендімен жұмыс істейді. Олардың ең ірілерін қайта құру сәуір айының соңына қарай аяқталады.  Айта кетейік, "Magnum Cash&Carry" желісі Forbes Kazakhstan рейтингісінде елдің он ірі жеке компанияларының қатарына кірді.  2018 жылдың соңындағы дерек бойынша сауда желісінің Қазақстандағы 8 қалада 42 дүкені бар. Айта кетейік, "Реалист" дүкендер желісінің иесі Андрей Юст Magnum Cash & Carry-дің де акционері.   

Похожие материалы