Алматы. 18 қараша. 7kun.kz — Азық-түлік бағасының өсуіне байланысты Қазақстан бірқатар ведомстволардың вице-министрлері мен бірнеше аймақ әкімдерінің орынбасарларын жазалайды. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.
Ол бірқатар өңірлерде азық-түлік бағасының өсуіне наразылық білдірді.
"Мемлекет басшысы бұл мәселеде тиісті бақылаудың жоқтығын атап өтті. Нәтижесінде күріш бағасы 2,3% - ға өсті. Өңірлер бөлінісінде Шымкент пен Қызылордада жеті тауар бойынша, Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Петропавл, Тараз қалаларында айтарлықтай өсім байқалып отыр. Бұл өңірлер әкімдіктерінің, ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрлігінің, сондай-ақ сауда мен интеграция министрлігінің жеткілікті жұмыс істемейтінін көрсетеді", - деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар, Мамин мүдделі мемлекеттік органдар қатарынан жұмыс тобын құру қажеттілігі туралы мәлімдеді.
"Бір апта ішінде қысқа мерзімді және орта мерзімді шаралар пакетін әзірлеу керек. Премьер-Министр Кеңсесі үш күн ішінде менің атыма азық-түлік тауарларына бағаның өсуінің алдын алу мәселелеріне жауап беретін ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, сауда және интеграция вице-министрлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізсін. Сондай-ақ, Ақтөбе, Петропавл, Көкшетау, Тараз және Жамбыл облыстарында белгіленген тәртіпте әкімдердің орынбасарларын жауапкершілікке тарту қажет", - деп тапсырды ол.
Өз кезегінде сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының Атырау, Павлодар және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда жоғары өсімі байқалатынын атап өтті.
"Бұл ретте бағаның қымбаттауы барлық аймақтарда, негізінен көкөніс, нан және қарақұмық сияқты тауарларға байқалады. Шекті мәндердің 15%-дан астамға өскенін атап өткім келеді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының шектік мәнен асқан ең көп саны Қызылорда, Шымкент және Түркістан қалаларында тіркелген. Бұл - көкөніс, ұн, нан және сиыр еті", - деді Сұлтанов.
Айта кетейік, ол тек әкім орынбасарларын жауапқа тартуды ұсынды.
Бұған дейін азық-түлік тауарларының бағасы жыл басынан бері 7%-дан астамға көтерілгені туралы хабарланған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024