Алматы. 28 маусым. 7kun.kz — Мамыр айында халықаралық жүйелер арқылы 84 млрд теңге аударылды. Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, елден 54,8 млрд теңгеге 237,7 мың транзакция өтті.
Ең көп ақша Ресейге – 16,8 млрд теңге, Өзбекстанға – 13,7 млрд теңге және Түркияға – 7,5 млрд теңге жіберілді.
Ал соманың ең аз көлемі Грузияға – 923,4 млн теңге және Арменияға – 580,6 млн теңге аударылды. Жөнелтілген ақшаның жалпы көлемінің негізгі үлесі доллармен – 69,3% және Ресей рублімен – 22,3% жүргізілді.
Сонымен қатар, Ұлттық банктің мәліметінше, бір айда Қазақстанға шет елдерден 29,1 млрд теңгеге 141,6 мың транзакция жасалды. Ең көп ақша Ресейден – 11,3 млрд теңге түсті. Екінші орында Корея – 5,6 млрд теңге, үшінші орында Өзбекстан - 2,6 млрд теңге. АҚШ-тан сәуір айында 1,5 млрд теңге, ал Германиядан – 1,04 млрд теңге келді. Осы кезеңде Тәжікстаннан – 319,2 млн теңге және БАӘ-нен – 289,4 млн теңге ақша аударған.
Алынған қаражаттың жалпы көлемінің негізгі үлесі де доллармен – 61,3% және Ресей рублімен – 25,1% жүргізілді. Сондай-ақ, сәуірде Қазақстан ішінде 4,3 млрд теңге аударылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024