Алматы. 10 маусым. 7kun.kz — 2019 жылғы мамыр айының соңында күн көрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 28,3 мың теңгені құрады. Оның ішінде 15,6 мың тг — бұл азық-түлік себеті, ал 12,7 мың тг азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтерге тиесілі, деп хабарлайды Finprom.kz.
Салыстыру үшін: өткен жылдың мамыр айының соңында ең төменгі күнкөріс деңгейі 26,5 мың теңгені құрады (жылдық өсім — 14%). Тауарлар мен қызметтердің бағасы жылдық динамикада 5,3%-ға өсті (2019 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда).
Аймақтық бөліністе ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғары шамасы Маңғыстау облысында байқалады: 34,5 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 6,9% - ға артық (32,3 мың теңге). Бұл орташа республикалық мәнмен салыстырғанда 21,9%-ға артық. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан және Алматы өңірлік бөлінісіндегі көшбасшылар үштігінде: 33,1 мың және 31,3 мың тг. ТОП-5-ке Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары кірді, онда ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы тиісінше 28,8 мың және 28,3 мың теңгеге тең.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің ең төменгі мәні Павлодар облысында (25,1 мың теңге), Батыс Қазақстан облысында (25,6 мың теңге) және Ақтөбе облысында (25,8 мың теңге) тіркелді. Тек 4 өңірде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы орташа республикалық мәннен асты.
13 жасқа дейінгі балалар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 22,6 мың теңгені құрады — өткен жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артық (21,4 мың теңге).
18 жастан асқан ерлер үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 33,7 мың теңгеге тең (бір жыл бұрын-31,4 мың теңге), бұл ретте әйелдер үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі бар болғаны 26,8 мың теңгені (бір жыл бұрын — 25 мың теңге) құрады.
Зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 26,6 мың теңгені құрады — өткен жылдың мамыр айының соңына қарағанда 7,4%-ға көп(24,8 мың теңге).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024