Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасары 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Алматы. 27 тамыз. 7kun.kz – Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасары Серік Аманғалиев 10 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды «Лада» порталы.
Облыс әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкім бүгін, 27 тамызда шығарылды. Серік Аманғалиевтің қорғаушысы Сәуле Көбжанова сот шешіміне түсініктеме берді. Ол өзінің қорғалушысы үшін айыппұл түрінде басқа жаза күткенін айтты.
«Соттың шешіміне көңіліміз толмайды. Менің қорғауымдағы адам өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған қылмысына өкінетінін айтты. Біз сот бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындайды деп үміттендік. Біз соттың үкіміне шағым түсіреміз», - деді Сәуле Көбжанова.
Ол жазасын жеңіл тәртіптегі түзету мекемесінде өтейтін болды. Сондай-ақ бұрынғы шенеунік «Құрмет» орденінен де айырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ақтау әуежайында ұсталды. Ұстау кезінде одан 115 мың еуро тәркіленген. Кейіннен белгілі болғандай, МЖӘ жобасы бойынша қамқорлығы үшін құрылыс компаниясының өкілінен алынған параның жалпы сомасы 400 мың еуро болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024