Алматы. 12 тамыз. 7kun.kz — Маңғыстау облысында 2019 жылдың соңына дейін 950 млн теңгенің құрама жем зауыты іске қосылады.
Өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасынан хабарлағандай, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
"Түйіршіктелген құрама жем өндіру жобасы 950 млн теңгеге бағалануда. Кәсіпорында 20 адам жұмысқа орналасады", - деп қосты ведомствода.
Зауыттың қуаттылығы сағатына 10 тонна құрама жемді құрайды. Ақпаратқа сәйкес, барлық өнім 2019 жылдың соңына дейін іске қосылатын құс фабрикасына жеткізіледі.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024