Маңғыстау облысы. 27 шілде. 7kun.kz – Маңғыстауда жол бойында жанжал туындап, көлік жүргізушілерінің бірі екіншісін ұрып өлтірді, деп хабарлайды 7kun.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 22 шілде күні Жаңа Дәулет ауылында екі көлік жүргізушісі бір-біріне жол бермей, сөзге келіп қалды. Жанжал соңы қайғылы аяқталды.
«Алдын ала болжамға сәйкес, екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, ұрсысып қалды. Сол кезде ашуға булыққан күдікті көліктен шығып, 67 жастағы ер адамды соққыға жыққан. Зейнеткер алған жарақатынан қайтыс болды», - дейді полицейлер.
Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу сотының санкциясымен 35 жастағы күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024