Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев . атты қоғамдық қор құрады. Ол бұл туралы бүгін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Менің әлеуметтік желідегі білім саласы туралы жазбам қолданушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды, бұл саладағы проблеманың маңыздылығын тағы айғақтайды. Істің адамы ретінде, тек проблеманы ғана анықтап қоймай, бірден шешім ұсынатын адам ретінде, білім саласында өзгерістер енгізуге өзіндік пікірлерімді жинақтадым. Бұл ретте төмендегі жайттарды ескердім: 1.Білім беру саласы консервативті 2.Қателіктердің құны-біздің балаларымыздың тағдыры 3. Реформалар бірреттік акт емес, тұрақты, ұзақ мерзімді жақсарту процессі. Әрине, мен бүкіл Қазақстандағы білім саласы үшін жауап бермеймін, бірақ, өз деңгейімде белгілі бір бөлігін дамытуға күш саламын. Мен не ұсынамын? Мен "Ednovation" қоғамдық қорын құрамын. Бұл ұйым қатарына Қазақстандағы білім саласындағы сарашылардың барлығының басын қосады. Білім саласының өзекті проблемаларына арналған пікірсайыс клубы, семинарлар, конференциялар өткізеді. Үздік сарапшыларды шетелдік тәжірибе алмасуға жібереді, бұл кейін сараптама жасап, үздік тәжірибелерді салыстыру үшін қажет. Қор Білім министрлігімен, халықаралық ұйымдар мен Қазақстан мектептерімен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Қызыққан барлық мектептер мен сарапшыларға қош келдіңіз дейміз», деп жазды кәсіпкер. Ол сондай-ақ қор басшысы мен сарапшыларын таңдау үшін өтініштер қабылдайтынын жазған. Қорда тұрақты жұмысқа 3 сарапшы жұмысқа алынбақ.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024