Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Марк Цукерберг Facebook-тың акцияларын 500 млн долларға сатты

Марк Цукерберг Facebook-тың акцияларын 500 млн долларға сатты

Алматы. 3 наурыз. 7kun.kz — Facebook-тің негізін қалаушы және бас директоры Марк Цукерберг 2018 жылдың ақпан айында  компанияның өзіне тиесілі 2,7 млн акциясын жалпы сомасы 500 млн долларға сатты. Түскен ақша "Chan Zuckerberg Initiative" қайырымдылық қорына аударылады, деп жазды Reuters.

Картинки по запросу Chan Zuckerberg Initiative

Цукерберг АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына жіберген есебінде, ол әйелі Присцилла Чанмен бірге құрған «Chan Zuckerberg Initiative» қайырымдылық қорының жобаларын қаржыландыру үшін қажет екенін айтқан.

Кәсіпкер басқа мәліметтерді жарияламады және Цукербергтің өкілдері де агенттіктің өтінішіне жауап бермеді.

Reuters агенттігі 2015 жылы Facebook басшысы алдағы бірнеше жылда компаниядағы өзіне тиесілі акциялардың 99 пайызын қайырымдылық қорына аударатынын мәлімдегенін атап өтті.

2016 - 2017 жылдары Цукерберг компанияның акцияларын шамамен 1,6 млрд долларға сатты.

2017 жылдың маусым айында Chan Zuckerberg Initiative қоры Силикон алқабындағы мұғалімдерге тұрғын үй сатып алуға көмектесу үшін 5 млн доллар жұмсағаны белгілі болды.

Біраз уақыт бұрын Forbes журналы ең жомарт американдықтардың рейтингін жариялаған болатын.

Сол рейтингте Билл мен Мелинда Гейтс, Марк Цукерберг көш басын бастаған. Тізімге енген 50 бизнесмен бір жылда  жалпы сомасы 14,7 млрд долларды қайырымдылыққа бөлген.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы