Ресей. 12 мамыр. 7kun.kz - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің саммиті 16 мамырда Мәскеуде өтеді. Оған Владимир Путин де қатысады. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
"16 мамырда ҰҚШҰ-ның 30 жылдығына орай Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің саммиті өтеді. Бұл ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларының кездесуі. Олардың жұмыс барысы таңғы ас форматындағы жеке қарым-қатынаста болады. Осы іс-шараның қорытындысы бойынша журналистерге ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась және Армения премьер - министрі Никол Пашинян ақпарат береді деп жоспарланған", - деді Песков.
Армения – қазір ұйымға төрағалық етуші мемлекет.
Естеріңізде болса, 2022 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым Кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысқан. Онда Қазақстандағы «қаңтар оқиғасы» талқыланған. Ал 16 мамырда Мәскеудегі саммитке баратын Қазақстан делегациясының құрамы әзірге белгісіз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024