Мәулен Әшімбаев Түркіменстанның қазіргі және бұрынғы президенттерімен кездесті
Әлем. 7kun.kz. 13 мамыр - Қазақстан Сенатының Төрағасы жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды. Сапар барысында Мәулен Әшімбаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Кездесуде екі елдің парламентаралық өзара іс-қимыл мәселелері әңгімеге арқау болды. Әшімбаев сонымен қатар Түрікменстан Халк Маслахаты Милли Генгешінің Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті. Елдің экс-президенті және қазіргі президенттің әкесімен Парламент бойынша Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және дамыту басымдықтары айтылған.
Тараптар логистикалық мәселелерді де қозғады. Геосаяси шиеленістер жағдайында теміржол, автомобиль, су көлігі саласындағы бірлескен жұмыстың қарқынын арттыру жайы да назардан тыс қалған жоқ.
«Бірыңғай қолайлы тарифтік саясат жүргізу «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» және «Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан» бағыттары бойынша жүк ағынын арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты бұл – өзекті мәселе. Сондықтан парламентшілер осы және басқа да бағыттар бойынша туындаған мәселелерді шешуге жәрдемдесу үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп, белсенді жұмыс істеуге дайын», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат төрағасы сонымен қатар Орталық Азия-Ресей» парламентаралық форумына қатысты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024