Маусым айында Қазақстан мұнай мен газ конденсатын өндіруді 15,5%-ға ұлғайтты
Алматы. 16 шілде. 7kun.kz — Қазақстандық өндірушілер маусым айында мұнай мен газ конденсатын өндіруді мамыр айындағы 6,94 млн тоннадан 7,75 млн тоннаға дейін арттырды. Бұл туралы республикалық Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығының (МГ АТО) мәліметтерінде көрсетілген.
Елдегі мұнай және газ конденсаты өндірісі мамыр айына қарағанда маусымда 15,5%-ға өсті.
Қашаған кен орнындағы мұнай өндіру маусым айында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған соң мамырдағы 357 926 тоннадан (тәулігіне 91 527 баррель) 1,411 млн тоннаға (тәулігіне 372 895 баррель) дейін өсті.
Басқа екі ірі кен орнындағы өндіріс өткен айда мамырмен салыстырғанда біршама төмендеді: Теңізде – 2,574 млн тоннадан 2,482 млн тоннаға дейін, Қарашығанақта – 0,999 млн тоннадан 0,965 млн тоннаға дейін.
Есептерге сәйкес, Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында мұнай өндіру өткен жылдың ұқсас көрсеткішіне қарағанда тәулігіне 1,766 млн баррельге дейін (44,246 млн тонна), 2%-ға қысқарды. Бұл ОПЕК+ пакті аясында бекітілген деңгейден тәулігіне 74 234 баррельге төмен.
Айта кетейік, Қазақстан биылғы жылы ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді тәулігіне 40 000 баррельге дейін, 1,860 млн баррельге азайтуға міндетті.
Қазақстан 2019 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіруді 2018 жылғы 90,3 млн тоннамен (тәулігіне 1,806 баррель) салыстырғанда 89,5 млн тонна (тәулігіне 1,790 млн баррель) деңгейінде жоспарлап отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024