Алматы. 13 шілде. 7kun.kz - Қазақстанда соңғы алты айдың ішінде экспортты қосқанда дилерлер 20 мың 876 жаңа көлікті сатты. Бұл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Көлік салондарының табысы 180,7 млрд теңгені құрады.
Қазақстандықтар маусым айында жаңа көліктерді сатып алуға 50,6 млрд теңге жұмсаған. Экспортқа шығарылған өнімді бірге санағанда бір айдың ішінде 5172 көлік сатылды. Бұл мамыр айымен салыстырғанда 34 пайызға артық. Мамыр айында 3868 көлік сатылған.
Қазақстанның көлік нарығында Toyota жоғары сұранысқа ие. Одан кейін Lada, UAZ, Ravon мен Renault көш бастап тұр.
SsangYong (146%), Renault (71%), Chevrolet (59%) пен JAC (44%) көліктеріне сұраныс артты. Ал Skoda (-40%), Infiniti (-46%) мен Ford (-57%) көліктеріне сұраныс керісінше төмендеді.
2017 жылдың маусым айында ішкі сұраныс қана емес, сыртқы тапсырыстар да өсті. Маусым айында 584 көлік шетелге сатылды. Мамыр айында аталған көрсеткіш 47 көлік болған. Соңғы алты айдың ішінде Қазақстанда құрастылған 925 көлік сыртқа сатылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024