Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мәжіліс депутаттары мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу туралы ұсыныс айтты

Мәжіліс депутаттары мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу туралы ұсыныс айтты

Сәрсенбі күні мәжіліс депутаттары ҚР Президентіне мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу туралы ұсыныс айтты. Бұл туралы брифингте мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.

Депутаттардың сайлау өткізу туралы ұсынысын Қазақстан коммунистік партиясы фракциясы атынан Владислав Косарев оқыды. "Қазіргі кезде уақыт жылдам әрі тоқтаусыз әрекетті қажет етеді. Жаңадан жүзеге асырылатын реформаларға жылдам кірісу үшін мәжіліс депутаттарының қызмет мерзімін уақтынан бұрын тоқтатып, қайтадан парламент сайлауын өткізу туралы ұсыныс айтамыз", - деді ол. Оның сөзінше, мәжіліс өз қызметін толық орындап болды. "Партиялардың сайлаушылар сеніміне ие болуы өте маңызды. Бірлік пен үйлесімді әрекеттер ғана жаңа соққыларға төтеп береді. Сондықтан жергілікті маслихатпен қоса парламентте сайлау өткізу керек. Бұл сайлау кезіндегі бюджет шығынын қысқартады. Президенттен Парламент мәжілісін уақытынан бұрын таратуды және кезектен тыс сайлау өткізуді өтінеміз. Бұл үш фракция атынан мақұлданып отыр", - деді Владислав Косарев. Фото: voxpopuli.kz

Похожие материалы