Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева онлайн кредит беруге тыйым салуды талап етуде. Ол Мәжілістің жалпы отырысында осындай депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Депутат халықтың негізгі бөлігінің табыс деңгейінің төмендігі тұрғын үйді жалға алу, балаларды оқыту, банктегі ай сайынғы кредит, азық-түлік және басқа да қажеттіліктерге онлайн қарыз алуға мәжбүрлейтінін атап өтті.
"Ақша жылдам және қарыз алушының кіріс деңгейін ескерусіз берілуде. Бірақ бұл ретте тәуекел жоғары. Себебі пайыздық мөлшерлеме кепілсіз қарыздарға көп. Ал халық осындай жеңіл тәсіл арқылы жаппай кредит алуда", – деп атап өтті депутат.
Дания Еспаеваның пікірінше, микрокредит бойынша артық төлемнің шекті мөлшерін 50 АЕК-ке дейін 2 есе төмендету, сондай-ақ, өтеу мерзімін кейінге шегеруді ұсыну, шарттарды жеңілдету азаматтардың онлайн-қарыз алуын тежеп, проблеманы шешпейді. Одан бөлек, онлайн кредит рәсімдеудеде алаяқтық әрекеттер жиілеген.
"Мысалы, 6 мамырда БАҚ-та алаяқтық туралы ақпарат пайда болды. Онда кредитті басқа біреудің ЖСН-мен рәсімдегені жазылған. Себебі ЖСН ашық платформада өзгеге қолжетімді болды. Сонымен қатар, алаяқтың құрбандары әртүрлі аймақтарда тұратын 100-ге жуық азамат екен. Қылмыскер онлайн-банкинг арқылы несиені оңай рәсімдеген. Бас прокуратураның мәліметінше, соңғы 5 жылда киберқылмыскерлер саны 10 есе өсті. Қазірдің өзінде 20 мыңнан астам эпизод тіркелген", – деді Дания Еспаева.
Депутаттың пікірінше, жоғары пайыздар – халықтың қарызға белшесінен батуына негізгі себеп. Нәтижесінде олар өз мүлкінен, тіпті, жалғыз баспанасынан айырылуы мүмкін. Осыларды ескере келе, депутат онлайн кредит беруге тыйым салуды талап ететінін жеткізді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024