Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – Ұшу кезінде Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның жүрек жұмысын қалпына келтірді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оқиға 30 сәуірде болған. Air Astana әуе компаниясының хабарлауынша, Алматыдан-Сеул бағыты бойынша ұшқан жолаушылардың бірінің қысымы төмендеп, есін жоғалта бастаған. Бортсеріктер жолаушылардан салонда медицина қызметкерінің бар-жоғын сұраған. Көмекке мамандығы бойынша дәрігер, шетелдік іссапарға кетіп бара жатқан Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов келген.
«Air Astana» әуе компаниясының президенті Питер Фостердің атынан компанияның өкілдері депутатқа алғыс хат пен арнайы сыйлық табыс етті.
Ал депутаттың айтуынша, 37 жастағы жолаушы ес-түссіз, клиникалық өлім жағдайында болған. Оның қысымы мен тамыр соғуы сиреп, жедел түрде реанимациялық іс-шаралар жүргізілген. Мәжіліс депутаты жолаушының жүрек қызметін қалпына келтіріп, оның жағдайын жақсарта алды. Осылайша, жақын маңдағы қалаға ұшақтың шұғыл қонуы қажет болған, алайда ер адамның жағдайы тұрақтанып, әрі қарай ұшу жалғасқан.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024