Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан "Қаңтар оқиғасы" бойынша талдықорғандықтармен кездеседі
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары 17-26 ақпан аралығында өңірлерде халықпен кездеседі. Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желіде жазды.
"Менің жұмыс жоспарым қасиетті Жетісу жерінде, ертең Талдықорған шаһарынан басталады. Одан әрі Талғар ауданы, Жаркент өңірі, Кетпен тауының баурайындағы Қарадала (Ұйғыр ауданы), Кеген аймағында жалғаспақ", деген депутат сапарын Талдықорғандағы азаптау фактлері бойынша тұрғындармен кездесуден бастайтынын хабарлады.
"Орынсыз, нақақ жала жабылып жатқан, таяққа түскен бірнеше іске қатысты Президент нақты тапсырма берді. Сөйтіп бірнеше азамат босатылды. Ал енді соққыға жығылып жатқан ауыр азаптаулар қоғамның да, елдің де, жеке азамат ретінде менің де жаныма батады. Ертең Талдықорғанға осы оқиғаға байланысты іс-сапарға барып, тұрғындармен кездесемін. Елімізде қылмыс жасағаны да, қылмысқа қатыстылығы да заң шеңберінде қаралуы керек. Ал қызметін асыра пайдаланған тиісті ведомство өкілдеріне заң жүзінде бағасы берілуі тиіс. Прокуратура осындай мәселеге байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлімет берген болатын",– деді депутат.
Мәжіліс депутаты сапар барысында төрт ауданда ауылшаруашылығы еңбеккерлері, "Нұр Отан" партиясы мүшелері, жастармен, облыс басшыларымен кездеспек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024