
Алматы. 17 маусым. 7kun.kz – Мәжіліс Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындау туралы Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасымен келісті.
Бұрын ол вице-министр қызметін атқарды.
Райымқұлова 2007-2008 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясының «Композитор және арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі болды.
2013-2014 жылдары консерваторияның ғылыми-шығармашылық мәселелер жөніндегі проректоры.
2014 жылдың маусым айынан қараша айына дейін мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
2014-2016 жылдары МСМ Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры қызметін атқарды.
2016 жылғы 3 қазанда Үкіметтің қаулысымен Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.