Астана. 14 желтоқсан. 7kun.kz – Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Заң жобасын таныстырған премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев заң жобасын әзірлеуде халықаралық тәжірибе зерделенгенін айтты. Оған сәйкес, үш рәсім – соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық жариялау және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру шараларын енгізу жоспарлануда.
«Барлық үш рәсімді борышкер ғана бастай алады, яғни несие берушінің борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ» – деді министр.
Соттан тыс банкроттықтың шарттары:
- берешектің 4,9 млн теңгеден (1600 АЕК) аспауы;
- борышкерде ресми кірістің болмауы;
- мүліктің болмауы;
- қарыз бойынша банкпен тиісті рәсімдерді жүргізу.
«Бұл ретте барлық міндеттемелерінің мөлшері (оның ішінде орындау мерзімі басталмаған) өзіне тиесілі мүліктің құнынан аспайтын борышкер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы өтінішпен ғана сотқа жүгінуге құқылы», – деді ол.
Заң бойынша банкрот деп жарияланған адам борышкердің міндеттемелерін орындаудан босатылады. Айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеу тоқтатылады. 5 жылға кредит алуға тыйым салынады.
Үшінші рәсім – ол төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Банкрот адамның тұрақты табысқа қол жеткізгеннен кейін қарызды қайтару жоспары жасалады. Соның нәтижесінде «банкрот» деген мәртебесінен айырылады. Кредит алмау және тағы басқа шектеулерден құтылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024