Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz – ҚР Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын және микроқаржылық қызметті реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасында қаржы нарығын реттеу және дамыту, сондай - ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау функцияларын Қазақстан Президентіне тікелей есеп беретін жаңа мемлекеттік органға - Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігіне беру ұсынылды.
Бұған дейін Ұлттық банк «ақша-кредит саясатының тиімділігіне және инфляцияны бақылау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға» шоғырлануы үшін бұл шараныі қажет екенін хабарланған болатын.
«Ұлттық Банк пен Агенттіктің қызметі мұқият үйлестірілетін болады, оның ішінде басқару органдарында өзара өкілдік ету арқылы. Агенттік республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын болады. Еңбекақы төлеу жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін болады, ал қызметшілердің мәртебесі Ұлттық банк қызметкерлерінің мәртебесіне ұқсас болады», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков.
Ұлттық Банктің пікірінше, бұл еңбекке ақы төлеудің бәсекеге қабілетті деңгейін белгілей отырып, жоғары білікті қызметкерлерді жедел іріктеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк пен Агенттік қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңестің қызметі шеңберінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Жүйелік тәуекелдерді төмендету үшін макропруденциалдық саясат шараларын, дағдарысқа қарсы шараларды, сондай-ақ жүйелік маңызы бар банктерді реттеу не мемлекеттік қолдау жөніндегі шараларды қабылдауға байланысты мәселелер кеңестің міндетті түрде алдын ала қарауына жатады.
«Қаржы нарығын реттеу мен қадағалау функциялары Агенттікке жүктеледі. Ұлттық Банктің төлем ұйымдарына, банктік емес айырбастау пункттеріне, инкассаторлық компанияларға қатысты реттеу және қадағалау функциялары сақталады», - деп атап өтті төраға орынбасары.
Сондай-ақ, қаржы секторына жүктемені қайталауды және төмендетуді болдырмау мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мен Агенттік үшін бірдей қолжетімді статистикалық және реттеуші ақпараттың бірыңғай базасы құрылады.
Заң жобасының екінші бағыты - реттеуші арбитраж мен тұтынушылық несие беру нарығындағы жүйелік проблемаларды жою.
«Халықтың қарыз жүктемесінің бақылаусыз өсуіне жол бермеу мақсатында барлық несиелеу субъектілеріне қатысты тиісті реттеу және қадағалау құралдарын енгізу талап етіледі», - деп хабарлады Смоляков.
Ұлттық банктің мәліметінше, бүгінгі таңда тұтыну займдары шамамен 5 млн адамға тең. Олардың жалпы қарызы 4 трлн теңгеден асады. Әрбір қарыз алушының берешегі орташа есеппен 800 мың теңгені құрайды. Тұтынушылық кредиттер портфелінің неғұрлым белсенді өсімі реттелмейтін секторда байқалады - бұл онлайн-кредиторлар, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар. Сонымен қатар, азаматтардың қарыздық жүктемесі артып келеді, реттелмейтін субъектілер тарапынан заемшылардың мүдделері бұзылып, халықтың әлеуметтік осал топтары жауапсыз кредит алад.
«Осы мәселелерді шешу үшін барлық кредит беру субъектілерін қосып, қадағалау органының реттеу периметрін кеңейту ұсынылады. Ұсынылған тәсілдер банктік емес кредиттік ұйымдарды реттеудің сараланған жүйесін енгізуді қарастырады», - деді Ұлттық банк өкілі.
Айта кетейік, Қазақстан азаматтарына қарыз беру жөніндегі кез келген қызмет жаңа қадағалау органының реттеуінде болады. Кредиттік серіктестіктердің, ломбардтардың, микроқаржы ұйымдарының (оның ішінде онлайн-кредит берушілердің) кредиттік қызметі қолданыстағы «микроқаржы ұйымдары туралы» заң негізінде микроқаржы қызметі ретінде айқындалатын болады.
Әзірлеушілердің айтуынша, заң жобасы аталған субъектілердің әрқайсысының қолданыстағы бизнес-моделін өзгертуді көздемейді, тек қызметтің нақты түріне тән тәуекелдерге байланысты талаптарды енгізеді.
Жаңа агенттіктің орналасу орны - Алматы қаласы.
Еске сала кеткйік, бұрын Қазақстанда Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (ҚҚА) жұмыс істеді. 2011 жылдың сәуір айында ол жойылды, мемлекеттік агенттіктің функциялары мен өкілеттіктері Ұлттық Банкке берілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024