
Қазақстан. 1 шілде. 7kun.kz – Мәжит Шәріпов «Қазатомөнеркәсіп «ұлттық атом компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«Мәжит Бейсембайұлы Шәріпов компанияның Басқарма төрағасы - Директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен 2022 жылғы 4 шілдеден бастап өз еркімен кетеді», - делінген хабарламада.
Шәріпов бұл қызметті 2021 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келген еді.
«Компанияның Директорлар кеңесі Қазатомөнеркәсіп Басқарма төрағасы қызметіне кандидатураны іріктеу кезеңінде өндіріс жөніндегі бас директор Ержан Жанәбілұлы Мұқанов Басқарма төрағасының міндетін атқаратын болады», – деді ұлттық атом компаниясында.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025