McDonald's корпорациясы бейсенбі күні 2015 жылы Құрама Штаттардағы мейрамханалар санын қысқартпақ деп жазады Вести Экономика.
Компания өкілі нақты қанша мейрамхана жабылатынын айтқан жоқ. Сәуір айында McDonald's АҚШ, Қытай және Жапонияда 350 ресторан жабылатыны туралы хабарлаған болатын, бұларға қоса әлем бойынша тағы 350 мейрамхана қысқартылады. Сонымен қатар компания 2015 жылы дүние жүзінде 300 жаңа мейрамхана ашуды жоспарлап отыр. Өткен айда фастфуд алпауытының басшысы Стив Истербрук бөлімшелерді қайта ұйымдастырып, мейрамхана франшизаларын сатып, жағдайды жақсарту үшін шығындарды қысқартатыны туралы мәлімдеген болатын. Компания жұмысшылар тарапынан жалақыларын арттыруға қатысты қысым көрген болатын, бұған қоса инвесторлар фирма сатылымдары төмендеп жатқанына көңілдері толмай жатқанын білдірген-тін. McDonald's 2018 жылға таман дүние жүзі бойынша өздерінің 36 мың мейрамханасының 3500-ін франшиза ретінде сатуды жоспарлап отыр. Бұл компанияның 2016 жылға дейін сатуға жоспарланған көлемнен 1500 бірлікке артық.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024