Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

McDonald’s Қазақстаннан кетеді

McDonald’s Қазақстаннан кетеді

Алматы. 5 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстанда McDonald’s брендінің мейрамханалары жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды McDonald's Қазақстан баспасөз қызметі.

Food Solutions KZ ЖШС басқаратын жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі жеткізілім шектеулеріне байланысты Қазақстанда McDonald’s брендімен жұмысын тоқтатады.

Компания жақын арада жаңа атаумен қызметтің қайта жандануы мен мейрамханалардың ашылу мерзімін жариялауды жоспарлап отыр.

«Мейрамханалар желісі ашылғаннан кейін келушілерге жоғары сапалы өнімдер, түрлі мәзір мен қонақжай қызмет ұсынылады. Жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар қолданыстағы жоғары стандарттарға, құндылықтарға және бизнес принциптеріне сәйкес жұмысын жалғастырады», – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін McDonald's желісі ет жеткізу мәселесіне байланысты Қазақстаннан кетуге ниетті екені туралы ақпарат пайда болған еді.

Қазақстанда McDonald’s брендімен алғашқы мейрамхана 2016 жылы ашылды. McDonald's халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған өнімдерді ғана пайдаланады, бұл қазақстандық өндірушілермен ынтымақтастықты дамытуға кедергі болды.

Похожие материалы