Алматы. 2 қараша. 7kun.kz - Қарашаның 5-інде «Медеу» мұз айдыныңда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары өткізіледі, деп хабарлайды Ақпараттық және спорттық ХАБ.
20 тәжірибелі жаттықтырушы Медеу қонақтарын демалыс күндері сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін тегін үйрететін болады. Сонымен қатар, қонақтарға жобаны ұйымдастырушылар көптеген сыйлықтар табыстап, концерттік бағдарламалар өткізілетінін хабарлайды.
Айта кетер жайт, билеттер мен конькиді жалға алу Медеудегі прейскурантка сәйкес беріледі. Бұл конькимен сырғанауға ақысыз түрде үйрету сабақтары желтоқсанның 24-іне дейін жалғасып, келесі жылдың қантарында қайта іске қосылады.
Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын үстануға шақыру болып табылады. Акция «Спорттык Алматы» бағдарламасына 2017 жылдың 25 ақпанында қосылған болатын.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024